2024 жылғы 22 қарашада тұрғын үй қатынастары туралы заңға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіруге қатысты өзгерістер енгізілді.
Енді біздің жаңа үйлеріміздің барлық жалға алушылары тұрғын үйді жекешелендіру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Бұл ретте жалдаушылардың жалдау ақысы бойынша берешегі болмауы тиіс.
Заңға сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай жалдаушы кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен және кәмелетке толмағандардың құқықтарын ескере отырып, тұрғынжайды бастапқы құны тұрғын үй құнының 10% құрайтын қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы.
Тұрғын үйді жекешелендіру - бұл kezekte.kz портал арқылы берілетін мемлекеттік қызмет, ол үшін:
Бүгінгі таңда жаңа үйлердің 179 жалға алушысы жекешелендіру құқығын пайдаланды, оның 163 - і өтеусіз негізде, 16 - сы қалдық құны бойынша.
Өтініш беру туралы толық нұсқаулық біздің Instagram парақшамызда орналастырылған.
Қажетті құжаттар: жалдау шарты; жалдау ақысын төлеу жөніндегі түбіртек; өтініш берген кезде берілген отбасының барлық мүшелеріне Қазақстан Республикасы бойынша мүліктің жоқтығы туралы анықтама; санатты растайтын құжат; егер өтеусіз жекешелендіру құқығы болса, растайтын құжат қоса беріледі.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді меншігіне өтеусіз жекешелендіруге құқылы:
1) бірінші және екінші топ мүгедектері;
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апат, басқа да радиациялық апаттар және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі апаттар салдарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқуларға тікелей қатысқан тұлғалар;
4) Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
5) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикасын қорғауда алған, басқа кезеңдерде әскери қызметтің өзге де міндеттерін орындаудағы жаралану, жарақаттану, мертігу салдарынан, сондай-ақ әскери мақсаттағы объектілердегі апаттар салдарынан жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар және оқуларға тікелей қатысқан тұлғалар;
6) Арал маңындағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
7) жиырма және одан да артық күнтізбелік есептеудегі еңегі бар арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, әскери қызметкерлер.
Егер Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге тұрғынжайы болса, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлесінің болуы есепке алынбайды;
2) Қазақстан Республикасының аумағында ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша міндеттемесі болса;
3) жекешелендіруге өтініш берген кезге дейін соңғы бес жыл ішінде өздеріне меншік құқығында тиесілі болған тұрғынжайды иеліктен шығарса;
олар мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіре алмайды.