Колледж студенттерінің танысу тәжірибесі

Колледж студенттерінің танысу тәжірибесі

Бүгін Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз жоғары колледжінің «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәлім алып жүрген 1-курс студенттері экономика және қаржы бөлімінде танысу тәжірибесінен өтті. Бөлім басшысы Салтанат Қорабаева оларды жылы шыраймен қарсы алып, бөлім жұмысының негізгі бағыттары жайлы баяндап берді.Тәжірибе барысында студенттер бюджетті жоспарлау және орындау секторларының қызметімен танысып, қаржылық құжаттардың қалай қалыптасатынын, сондай-ақ теориялық тұрғыда алған білімдерінің іс жүзінде қалай жүзеге асырылатынын көрді.

Мұндай бастамалар игілікті және болашақта студенттерге өздерінің кәсіби қызығушылықтары мен мансаптық жолдарын анықтауға оң септігін тигізеді деп үміттенеміз.