Бүгін Екібастұз қаласы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен өтіп жатқан “Менің ауламдағы спорт” жобасының ашылуы өтті.

Бүгін Екібастұз қаласы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен өтіп жатқан  “Менің ауламдағы спорт” жобасының ашылуы өтті.

Шараға N36 мектеп-лицейінің оқушылар мен ата-аналары белсене қатысты. Жалпы саны 35 мерген қатысқан садақ атудан өткен сайыс тартысты өтті. Сайыста аталған мектептің оқушылары жүлдеге ие болып, мақтау қағазымен әрі медальмен марапатталды.
Дәстүрлі садақ ату нәтижесі бойынша 3 орынға Зейнуллин Алдияр, 2 орынға Өмірбек Бақдәулет, 1 орынға Амантай Сұңқарбек ие болды.
Алдағы уақытта әр жұманың демалыс күндері ұлттық спорт түрлерінен және басқа спорт түрлерінен шеберлік сағаттары мен сайыстар өткізілмек.
Барша Екібастұздықтарды бұл шараға белсене қатысуға шақырамыз.