Абай Құнанбайұлының туғанына 176 жыл

Абай Құнанбайұлының туғанына 176 жыл

Қазақтың ұлы ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 176 жыл толуына орай Елбасы кітапханасы бейнеролик дайындады. Абайдың шығармашылық мұрасы қазақ халқының тарихы мен мәдениетін байытып, оның ешқашан маңыздылығын жоғалтпайтын нағыз рухани игілігіне айналды.
Ақын ретінде Абай қазақтардың суырып салма өнерінің тақырыбын кеңейтіп, оған түрлі жанр мен қалып енгізіп, классикалық поэзия деңгейіне көтерді. Абай Құнанбайұлының бай мұрасы әлемдік мәдениет тарихында тамаша құбылыс саналады. Көрнекті ойшылдың шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Абай аманаты» мақаласында былай дейді: «Ұлы ақын, дана ойшыл Абай ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысындағы Ағартушылық немесе Ояну дәуірінің көшбасшысына, елдің болашақ бағдарын айқындап берген рухани темірқазығына айналды... Абайдың сөзі мен ойы біздің күнбе-күнгі тірлігімізге, өркенді өмірімізге кірпіш болып қаланып, бүгінгі өркениет пен алдағы болашақ талабына лайық ұмтылыстарымыздан және игі істерімізден нақты көрініс табатынына кәміл сенемін».