"Жарнама сауаттылығы" акциясы

"Жарнама сауаттылығы" акциясы

Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Жарнама сауаттылығы" қалалық акциясын жариялайды.
Акцияның мақсаты Қазақстан Республикасындағы "Тіл туралы" Заңның талаптарына сәйкес келмейтін көрнекі ақпараттарды, жарнамалардағы қателерді анықтау және ақпараттарды сауатты рәсімдеу мәселелеріне қоғамның назарын аудару.
Акцияның шарты:
2021 жылғы 15 сәуір мен 10 мамыр аралығында акцияға қатысушылар қала аумағында орналасқан рәсімделуі тіл заңнамасына сәйкес келмейтін немесе қателері бар жарнамаларды фотосуретке түсіріп, нысанның мекенжайын, атауын көрсете отырып, Екібастұз қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің электронды поштасына (kultura2014@bk.ru) ұсынулары қажет.
Акцияның белсенді қатысушылары марапатталатын болады.
Мекенжайымыз: Екібастұз қаласы, Энергетиктер к-сі, 62
Байланыс телефоны: 74-13-01
Электронды пошта: kultura2014@bk.ru