«Өнер» қалалық мәдениет орталығы» КМҚК директорының міндетін атқарушы лауазымына Асылбек Сапарбекұлы Сапарбек тағайындалып, ұжымға таныстырылды (онлайн)

«Өнер» қалалық мәдениет орталығы» КМҚК директорының міндетін атқарушы лауазымына Асылбек Сапарбекұлы Сапарбек тағайындалып, ұжымға таныстырылды (онлайн)

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары М.Д. Маликовамен «Өнер» қалалық мәдениет орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы лауазымына Асылбек Сапарбекұлы Сапарбек тағайындалып, ұжымға таныстырылды (онлайн).

Асылбек Сапарбекұлы Сапарбек 1979 жылдың 26 мамырында Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылында дүниеге келді.
2003 жылы Астана қаласындағы Қазақ ұлттық музыка академиясына түсіп, 2007 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын Қазақстанның халық әртісі Қайрат Байбосыновтың вокал класы бойынша бітірді.
2008 – 2012 жылдары Павлодар қаласындағы Естай атындағы мәдениет сарайының қазақ халық аспаптары оркестрінің әншісі болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, сол жылдары «Достық үйінде» фольклорлық жанрлар бойынша маман болып қызмет атқарды.
2015 жылы Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармония басшысының орынбасары болып жұмыс жасады.
2016 жылы Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Естай атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
2018 – 2019 жылға дейін – Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Естай атындағы мәдениет сарайы» МКҚК директоры қызметін атқарды.