Баспасөз-релизі

Баспасөз-релизі

Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 789/7

«Екібастұз қаласының аумағындағы мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулысына

Баспасөз-релизі

 

2022 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы «Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы» № 178 бұйрығына өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, «мүгедектер» сөзі «мүгедектігі бар адамдар» сөзіне ауыстырылды.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, НҚА жобасымен Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 789/7 «Екібастұз қаласының аумағындағы мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына тиісті өзгерістер енгізу көзделіп отыр.

Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.

Осы қаулы жобасын қабылдау  Екібастұз қаласының халқы үшін теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде орналастырылған.