Іс-шараға қала әкімі Аян Уахитұлы Бейсекин қатысып, спорт ардагерлерін, жаттықтырушыларды және спортшыларды құттықтап, үздік спортшылар мен жаттықтырушыларға Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыстады. Сондай-ақ, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері арнайы номинациялармен марапатталды.
Мереке барысында халықаралық және республикалық деңгейде жеңістерге жеткен спортшылардың есімдері аталып, олардың жетістіктері ерекше атап өтілді. Салтанатты кеш әнмен өрнектеліп, әнші Алмас Мұқатай патриоттық әндер орындады.
Бұл мереке – спортқа деген құрметті арттырып қана қоймай, жас ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеудің жарқын үлгісі болды.