03.08.2025 Әулиелі Ақкөл ауылының 90 жылдығына арналған дүбірлі тойда Екібастұз қ. ОКЖ қызметкерлері «Ежелгі қоныс – құт мекен» кеңейтілген кітап көрмесін көпшілік назарына паш етті. Көрме Ақкөл-Жайылма өңірінің тарихынан сыр шертетін құнды еңбектерге, зерттеу мақалаларына, өлкетану бағытындағы басылымдарға, жергілікті қаламгерлердің шығармаларына толы болды. Сондай-ақ, фотоматериалдар да көрмеден қаз-қатар орын алып, көрменің әсерін арттырды. Аталмыш көрмені жергілікті тұрғындар ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен келген меймандар да тамашалады. Кітапхана қызметкерлері жұртшылықты тарихи деректермен, мұрағаттық материалдармен, киелі Ақкөл-Жайылманың бай шежіресімен, әулиелер мекен еткен құтты қоныс жайлы мәліметтермен сусындатып, рухани азық сыйлады.