Салтанатты шараға Павлодар облысының әкімі Асайын Қуандықұлы Байханов қатысты.
Ол ауылдың дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарды марапаттады. Ауылдың тойында Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Қуандық Рахым, Мадина Садвакасова. ҚР ҚК Ұлттық патриоттық орталвғының солисті Дәурен Төлеубаев, Иса Байзақов атындағы облыстық филармония өнерпаздары және жергілікті әншілер өнер көрсетті.
Ауыл жанына 60-қа жуық киіз үй тігілді. Дүбірлеп өткен тойда жас та, кәрі де дәм татты. Ұлттық ойын, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Ақкөлде шабандоздар, көкпаршылар сынға түсті, балуандар қазақ күресінде күш сынасты. Көргенге үлгі, естігенге өнеге боларлық берекесі кетпеген құтты мекеннің бірлігі арта берсін!