«Жасыбай» БЖСМ тәрбиеленушілері үшін Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған спорттық-мәдени шаралар ұйымдастырылды!
Бағдарламада – көңілді старттар, мас-рестлинг, арқан тарту және басқа да белсенді ойындар болды. Балалар жарыстарға қатысып, көтеріңкі көңіл күй мен қуат алды.
Мереке соңында барлық балаларға тәтті сыйлықтар мен балмұздақ таратылды!
Балалық шақ әрдайым жарқын және бақытты болсын!🎉🍭