*2025 жылғы 4 маусымда «Жасыбай» БЖСМ-де ҚР Мемлекеттік рәміздер күні мен Есірткіге қарсы күрес және оның заңсыз айналымына қарсы халықаралық күнге арналған еркін күрес пен дзюдодан күрес фестивалі өтті.*
*Мемлекеттік рәміздер* — әрбір қазақстандықтың мақтанышы, тарихы мен намысы. Ту, Елтаңба және Әнұран — еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін және жарқын болашағына деген сенімді білдіреді.
*Есірткіге қарсы күрес* — бұл бәріміздің ортақ ісіміз. Салауатты ұрпақ — есірткісіз өмірді, спортты таңдайды!
Фестивальге *98 спортшы* қатысты.
Турнирді тәрбие ісі жөніндегі орынбасар *Махметов Рашид Темірболатович* ашты.
Қатысушыларға ізгі тілектерін білдіргендер:
– *Динара Касенова*, Екібастұз қаласындағы *Womenzone* әйелдер клубының негізін қалаушы
– *Цыбанёв Михаил Михайлович*, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері
– *Попов Дмитрий*, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрес бөлімінің түлегі
Спорттық акробатика бөлімінің тәрбиеленушілері ашылу салтанатын әсерлі номермен көркейтті.
*Жеңімпаздар мен жүлдегерлер* Екібастұз қаласы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан медальдар және грамоталармен,
сондай-ақ «Жасыбай» БЖСМ-нің тәтті сыйлықтарымен марапатталды.