2025 жылғы 31 мамыр күні Тенерифте жерлесіміз

2025 жылғы 31 мамыр күні Тенерифте жерлесіміз
2025 жылғы 31 мамыр күні Тенерифте жерлесіміз Диас Еренғайыпов пен испандық спортшы Хосе «Шорти» Топпес арасында тартысты жекпе-жек өтті. Кәсіби деңгейде өткен додада Диас Еренғайыпов қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, ел мерейін үстем етті.
 
Бүгін, Екібастұз қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен белсенді жастар өкілдері жерлесімізді салтанатты түрде қарсы алып, жеңісімен құттықтады.
 
Диастың бұл жетістігі жастарға үлгі болатын, қажырлы еңбектің нәтижесі. Ерен еңбегіңе шексіз алғыс білдіре отырып, алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!