Сіздің назарыңызға 2025-2027 жылдарға арналған «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ азаматтық бюджеті ұсынылды, онда шығындардың негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат бар.
Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің шығындары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 195 бұйрығымен бекітілген жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу қағидаларына сәйкес жыл сайын 3 жылдық кезеңге әзірленеді.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің 2025-2027 жылдарға арналған шығындары келесілерге сәйкес қалыптастырылған:
- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95 IV Бюджет кодексімен, 56-бап;
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы 35-бап
Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ММ-нің 2025-2027 жылдарға арналған шығындары Екібастұз қалалық мәслихатының (VIII сайланған кезекті XXIX сессиясы) 2025 жылғы 24 сәуірдегі №234/29 «Екібастұз қалалық мәслихатының (VIII сайланған кезекті XXV сессиясы) 2024 жылғы 25 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Екібастұз қалалық бюджеті туралы» №208/25 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімімен қайта бекітілді.
2025-2027 жылдарға арналған «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бюджет шығындарының негізгі бағыттары:
2025 жыл – 62996,0 мың.теңге;
2026 жыл – 62392,0 мың.теңге;
2027 жыл – 63143,0 мың.теңге
001 «Жергілікті деңгейде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлім» ММ-нің ағымдағы шығындарын (мазмұнын) көздейді. Бөлімде 18 қызметкер, оның ішінде 6 мемлекеттік қызметші және бөлімнің 12 штаттық техникалық (қызмет көрсету) персоналы жұмыс істейді.
2025 жыл –1170265,0 мың.теңге;
2026 жыл – 948059,0 мың.теңге;
2027 жыл – 965928,0 мың.теңге.
003 «Мәдени-ойын-сауық жұмыстарын қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 3 мәдениет объектісі қаржыландырылады/субсидияланады:
«Өнер» ҚМС КМҚК – 118 штаттық бірлік;
«Атамұра» МО КМҚК– 117 штаттық бірлік;
«Достық үйі» КММ – 21,5 штаттық бірлік.
Сондай-ақ, осы бағдарлама шеңберінде әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік және Ұлттық мерекелік іс-шаралар қаржыландырылады.
2025 жыл – 287073,0 мың.теңге;
2026 жыл – 292281,0 мың.теңге;
2027 жыл – 296451,0 мың.теңге.
Осы бағдарлама бойынша Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ – 76 штаттық бірлік шығындары көзделген.
2025 жыл – 5000,0 мың.теңге;
2026 жыл – 5000,0 мың.теңге;
2027 жыл – 5000,0 мың.теңге.
Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында осы бағдарлама бойынша мемлекеттік және ағылшын тілі курстарын, мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізу жоспарлануда.
2025 жыл –20278,0 мың.теңге;
2026 жыл – 20430,0 мың.теңге;
2027 жыл – 20582,0 мың.теңге.
Осы бағдарлама бойынша ауылдық округтердегі спорт нұсқаушыларының 6,5 штаттық бірлігін ұстау бойынша шығындар көзделген.
2025 жыл –22622,0 мың.теңге;
2026 жыл – 23600,0 мың.теңге;
2027 жыл – 24600,0 мың.теңге.
Осы бағдарлама бойынша жарыстарды ұйымдастыру және өткізу бойынша шығындар көзделген (жүлделі орындар, медальдар, грамоталар дайындау, гүлдер, спорттық мүкәммал сатып алу).
2025 жыл – 14398,0 мың.теңге;
2026 жыл – 8800,0 мың.теңге;
2027 жыл – 8800,0 мың.теңге.
По данной программе предусмотрены расходы по командированию спортсменов по различным видам спорта в пределах Павлодарской области.
2025 жыл -13600,0 мың.теңге;
2026 жыл - 0,0 мың.теңге;
2027 жыл –0,0 мың.теңге.
2025 жыл – 31259,0 мың.теңге;
2026 жыл – 0,0 мың.теңге;
2027 жыл – 0,0 мың.теңге.
Осы бағдарлама бойынша 2025 жылға бөлімнің ведомстволық бағынысты ұйымдарының күрделі шығындары көзделген.
2025 жыл – 7139,0 мың.теңге;
2026 жыл – 0 мың.теңге;
2027 жыл – 0 мың.теңге.
Осы бағдарлама бойынша мәдениет объектілерінің (кенттерде)материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған шығындар көзделген.