Сайысқа Қоянды ауылынан «Бірлік тобы», Бесқауға ауылынан «Армандастар» тобы қатысып өнер көрсетті. Олардың әрқайсысы өз өнерлерін көрсетіп, әртістік шеберліктерін танытты. 1 бөлімде командалар өздерін таныстырса, 2 бөлімде биылғы мерейтой иелеріне арналған сахналық көрініс көрсету, бұл бөлімде Қазақстан халықтары Ассамблеясының 30 жылдығана арнап «Ұлттар достастығы» , Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұмытылмас ерлік» атты сахналық қойылым көрсетті. 3 бөлімде командалар өз өнерлерін ортаға салды.
Сайыстың қорытындысы бойынша Бесқауғалық «Армандастар» тобы қалалық кезеңге жолдама алды. Сайысқа қатысқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз.