Балалар оқу орталығының қызметкерлері Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала күлкісі – әлем сұлулығы»

Балалар оқу орталығының қызметкерлері Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала күлкісі – әлем сұлулығы»
Балалар оқу орталығының қызметкерлері Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала күлкісі – әлем сұлулығы» атты жарқын да мазмұнды мерекелік бағдарлама өткізді. Мерекелік шара «Қазақстан» орталық алаңында өтті. Бұл шараға қаламыздың кішкентай тұрғындары ата-аналарымен бірге белсене қатысып, көтеріңкі көңіл-күймен тамаша күнді бірге өткізді.
Балалар мен ересектердің назарын аударған иллюстрацияланған ертегілер, қызықты әңгімелер, техника мен табиғат туралы әдебиеттер, шытырман оқиғалы әңгімелер, ойыншық кітаптар, панорама-кітаптарға толы «Кітапты сүйіп оқы, көңілге түйіп оқы» атты түрлі-түсті кітап көрме ұйымдастырылды.
Мерекелік көңілді атмосфераны ерекше еткен – Гарри Поттер мен Пачкули мыстан кемпір кейіпкерлдері болды. Олар қазақ және орыс тілдерінде түрлі жылжымалы ойындар, әдеби викториналар, ертегі кейіпкерлеріне байланысты жұмбақтар жасырылып, балаларды қызықтырып, естен кетпес әсер сыйлады. Мереке барша қатысушылардың көңілінен шығып, балалар үшін таным мен қуанышқа толы тамаша күнге айналды