1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні «Атамұра» мәдениет орталығы Атығай, Құдайкөл ауылдық клубтарының үйірме мүшелеріне «Бақытты балалар — бейбіт елдің тірегі» атты ойын – сауық бағдарламасын және қаланың көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырды.
Балалар түрлі қызықты ойындарға қатысып, Екібастұз тарихи – өлкетану музейіне саяхат жасап, соңында «Maxi Mall» сауда орталығының «Funky Town» ойын алаңына тегін билеттер берілді.
Баршаңызға балалардың мерекесі құтты болсын! Әрдайым болашақтары жарқын, аспандары ашық болсын!