29 мамыр күні мәдениет

29 мамыр күні мәдениет

29 мамыр күні мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен, «Атамұра» мәдениет орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілінің мәртебесін көтеру,  қолданыс аясын кеңейтіп, Тәуелсіз мемлекетіміздегі қоғам өмірінің барлық саласында қазақ тілін кеңінен қамтамасыз ету мақсатында «Алтын қақпа» әдеби – музыкалық, лингвистикалық бағдарлама сайысының ІІІ – ші айналымы өтті. Сайысқа № 22 гимназия мектебінің «Қылықты қыздар» және  Екібастұз тарихи-өлкетану музейінің «Ғасыр айнасы» командалары қатысты. Сайыстың ережесіне сәйкес, ақтық мәресіне барлық тапсырмалардан сүрінбей өтіп, № 22 гимназия мектебінің командасы  жолдама алды. Барлық қатысушыларға, шараға қолдау білдіріп, көрермен болып қатысқан Екібастұз қалалық медицина колледжінің ұстаздары мен студенттеріне риясыз алғысымызды білдіреміз.