Бүгінгі таңда Екібастұз қаласында 100-ден астам билборд пен жарнама қалқандары орнатылған, оның ішінде қала бойынша 12 конструкцияда және қала сыртындағы 8 конструкцияда жарнамалық бейнелер түсірілмеген, билбордтар тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандырылмайды. Жарнама агенттіктерінің иелеріне осы жарнама объектілерін сәйкестендіру туралы хабарламалар жіберілді.
ҚР «Жарнама туралы» Заңына сәйкес ағымдағы жылдың 14.10 және 19.11 «Екібастұз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-ныңөкілімен сатушылар мен жеке кәсіпкерлер арасында жарнама құқықтарын түсіндіру жөнінде жұмыс жүргізілді, осы жұмыс барысында сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін салық сомасы және төлем мерзімі туралы ақпарат берілді.
Мониторинг барысында ғимараттың қасбеттерінде заңсыз ілінген 10 жарнамалық баннер анықталды, оның ішінде 4 жарнама беруші сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін салық төлеген және бөлімді хабардар еткен,6 жарнамалық баннерді меншік иелері алып тастады.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда болады.