SATBAYEV UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ PENNSTATE UNIVERSITY-ДЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТЕДІ
👩🏻🔬 Satbayev University ғалымдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен және қол қойылған келісімшарт аясында PennState-ке ғылыми тағылымдамадан өтуге барады. Шетелде оқып келгеннен кейін ғалымдар «3+1+1» бағдарламасы бойынша басым бағыттарда: геология, киберқауіпсіздік, мұнай машиналарын жасау және материалтану пәндері бойынша сабақ береді.
🕖 Тағылымдама мерзімі 12 ай, яғни 2024 жылдың 15 тамызынан 2025 жылдың 31 шілдесіне дейін. Бағдарлама аясында зертханалық сабақтар, курстар, практикумдар, семинарлар, конференцияларға қатысу, зерттеу жобаларын орындау, тәлімгерлік бағдарламалары, сондай-ақ далалық жұмыстарға қатысу мүмкіндіктері қарастырылған.
⚜️ Satbayev University ректоры Мейрам Бегентаев ғалымдар мен студенттерге қолдау көрсетіп, сәттілік тіледі. Ол бағдарламаға қатысу мамандардың кәсіби өсуіне және Satbayev University ғылыми әлеуетін нығайтуға ықпал ететініне сенімді екенін жеткізді.
🚀 Бұл тағылымдама ғалымдардың білімдерін тереңдету, халықаралық әріптестермен тәжірибе алмасу және заманауи ғылыми дағдыларды дамыту үшін бірегей мүмкіндіктер береді.