QS Sustainability Rankings 2024: әлемнің үздік жоғары оқу орындары рейтингінде 12 қазақстандық ЖОО

QS Sustainability Rankings 2024: әлемнің үздік жоғары оқу орындары рейтингінде 12 қазақстандық ЖОО

Бүгін QS Quacquarelli Symonds жоғары білім саласындағы жаһандық талдау агенттігі 2024 жылғы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы әлемдегі үздік университеттер рейтингінің жаңа шығарылымын QS Sustainability Rankings 2024 шығарды. Бұл тізімге орнықты даму мақсаттарын қабылдаған бірқатар қазақстандық ЖОО кірді.

Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында бұл рейтингті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ашты, ол рейтинг нәтижелеріне сәйкес өңірдегі ең үздік университет қана емес, сонымен қатар әлемдегі ең үздік 500 университеттің қатарына кіреді.

Одан кейін рейтингке қатысушы 700 үздік университеттің қатарына кіретін Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) тұр.
Сондай-ақ, Satbayev University, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті рейтингтегі үздік 1000 университеттің қатарында – бұл Қазақстанның орнықты даму саласындағы ағымдағы күн тәртібіне ықпалының артып келе жатқанын айқындайды.

Сонымен қатар, әлемдік рейтингке Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті және Нархоз университеті кірді.

QS өңірлік директоры Сергей Кристолюбов еліміздің алты қаласынан келген 12 қазақстандық университеттің QS Sustainability Rankings дебюті Қазақстанның орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесін халықаралық мойындаудың өсуі туралы айтып отырғанын атап өтті.

«Биыл ғана орнықты даму орталықтары бірден бірнеше жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарында ашылды, олардың кейбіреулері беделді шетелдік әріптестермен ынтымақтастықта жұмыс істеуде. Қазақстандық жоғары оқу орындары қол жеткізген нәтижелер әлемнің үздік университеттерінің – QS World University Rankings флагмандық институционалдық рейтингінде жоғары оқу орындарының позицияларын есептеу кезінде пайдаланылатын болады»,- деп атап өтті С. Христолюбов.

Қазақстанның жоғары оқу орындары «Басқару моделі», «Қоршаған ортаға әсері» («Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орнықты даму», «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы білім беру» және «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы зерттеулер»), «Қоғамдық ықпал» («Тең жағдай жасау»), «Білім алмасу», «Білім беру және ғылыми қызметтің әсері», «Түлектердің жұмысқа орналасуы» және «Денсаулық және әл-ауқат»)индикаторлары бойынша аса маңызды жетістіктерге қол жеткізді.

Университеттерді «Қоғамдық ықпал», «Қоршаған ортаға әсер ету» және «Басқару моделі» сияқты индикаторлар бойынша бағалай отырып, рейтинг жоғары оқу орындарының қазіргі қоғам алдында тұрған ең өзекті міндеттерді шешуге қосқан үлесін бағалауға бірегей мүмкіндік береді.

Бұл рейтингте позициялау қазақстандық университеттердің академиялық, зерттеу және әлеуметтік салалардағы жетістіктерін халықаралық деңгейде мойындаудың дәлелі болып табылады.