АЛҒАШ РЕТ ЕҰУ ЖӘНЕ COURSERA ОҚЫТУШЫЛАР ҮШІН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

АЛҒАШ РЕТ ЕҰУ ЖӘНЕ COURSERA ОҚЫТУШЫЛАР ҮШІН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «ENU Faculty Development» жобасын Coursera білім беру платформасымен бірлесе жүзеге асыруда. Қазақстандағы тұңғыш бастама университет оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған.
ЕҰУ Coursera серіктестіктің жаңа кезеңін дамытуда. «ENU Faculty Development» жобасы аясында университеттің 270 оқытушысына Coursera платформасында іріктелген 150-ден астам курс қолжетімді болды. Бұл жасанды интеллекттен бастап оқыту әдістеріне дейінгі әр түрлі салаларда кәсіби дамуға және білім алуға бірегей мүмкіндік береді.
«Біз оқытушыларымыздың біліктілігін арттыру әдісін өзгертіп жатырмыз. «ENU Faculty Development» жобасының ерекшелігі – университет қызметкерлері ЖОО қаржысы есебінен өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта жұмыстан қол үзбей қосымша оқудан өтіп, кәсіби білімі мен біліктілігін арттыра алады. Жобаға ЕҰУ оқытушыларының академиялық көкжиегін кеңейтумен қатар оқу үдерісіне жаңа идеялар мен әдістерді енгізуге жол ашады», - деді ЕҰУ Стратегиялық даму жөніндегі проректоры Думан Айтмағамбетов.
«ENU Faculty Development» жобасы Еуразия ұлттық университетінде ұсынылатын білім мен қызмет сапасын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, Coursera-мен ынтымақтастық оқу үдерісіндегі әдістер мен технологияларды жетілдіріп, білім беру бағдарламаларын одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Филология факультетінің қауымдастырылған профессоры Гүлбаршын Байгүнісова шет тілін оқыту әдістемесі бойынша жаңа білім алуға ниетті.
«Мен «ENU Faculty Development» жобасыың қатысушы болғаныма өте қуаныштымын. Coursera платформасына әлемнің жетекші университеттері қатысатыны белгілі. Бірақ онда толыққанды курс өте қымбат болғандықтан, онда білім алуға мүмкіндігі жоқ еді. Биыл барлық қаржылық шығындарды өз мойнына алған университетіміздің арқасында оқытушылар осы жобаға қатыса алады. Мәтінді оқыту циклін таңдадым, өйткені менің жұмысымның ауқымы бакалавриат, магистратура және докторантурада оқуды үйретумен байланысты», – дейді филология ғылымдарының докторы, филология факультеті шет тілдері теориясы мен практикасы кафедрасының доценті Гүлбаршын Байгунисова.
«Шет тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Жанна Кұзар атап өткендей, ЕҰУ үшін арнайы құрылған курстың алғашқы легіне қатысу және ЖОО оқытушылары үшін мұндай мүмкіндік бірегей мүмкіндік және баға жетпес тәжірибе береді.
«Мен бірнеше рет Coursera курстарынан өттім және менің оған көзқарасым оң. Бұл - сапалы материалдар мен оқытудың жоғары деңгейі. Мен таңдаған «Оқытудағы инновацияларды жобалау» пәні оқыту мен білім берудегі инновациялар саласындағы білімімді тереңдетуге, тиімді білім беру бағдарламаларын құруда қолданылатын заманауи әдістер мен технологияларды зерделеуге көмектеседі деп ойлаймын. Сонымен қатар, бұл білім бағалаудың жаңа стратегияларын әзірлеуде пайдалы болуы мүмкін», - деп қорытындылады Жанна Кұзар.