ҚАЕУ «IT-МЕНЕДЖМЕНТ» МАГИСТРАТУРАСЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК ҚОС ДИПЛОМДЫ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ОҚЫТАДЫ

ҚАЕУ «IT-МЕНЕДЖМЕНТ» МАГИСТРАТУРАСЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК ҚОС ДИПЛОМДЫ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ОҚЫТАДЫ
Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетінде (Цвиккау, Германия) «IT-Менеджмент» қос дипломды білім беру бағдарламасының магистранттарын оқыту басталды.
Оқуды бастау рәсіміне Қазақстан-Американдық еркін университетінің бірінші вице-президенті, PhD докторы Жасұлан Байкенов, Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетінің басшылығы және «IT-Менеджмент» білім беру бағдарламасының магистранттары қатысты.
Жасұлан Байкенов Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетіне осы білім беру жобасын құрудағы және іске асырудағы басты рөлі мен қолдауы үшін алғысын білдіріп, магистранттарды оқудың басталуымен құттықтады.
«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы бұл жаңа жоба біздің бірлескен күш — жігеріміздің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар халықаралық білім беру кеңістігін дамытудың символы болып табылады. Біздің магистранттарымыздың сапалы академиялық ортада бірегей оқу тәжірибесін алу мүмкіндігі бар және неміс әріптестерімізге қонақжайлылығы мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз»,- деп атап өтті, ҚАЕУ бірінші вице-президенті.
Қос дипломды бағдарлама білім алушылардың өздерінің кәсіби құзыреттерін информатика, бизнес-ақпараттық жүйелер, менеджмент және іскерлік әкімшілендіру саласындағы білімдерімен байланыстыру мүмкіндігіне бағытталған.
Сонымен қатар, бағдарлама магистранттарға мәдениетаралық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.