Қозыбаев университетінде функционалдық геномика және биоинформатика бойынша бірегей білім беру курстары басталды. Бұл курстар Қазақстанда да, Орталық Азияда да алғаш рет жүзеге асырылады. Жоба халықаралық стандарттарға сай және озық тәжірибелерді, танымал әлемдік сарапшыларды, заманауи технологияларды біріктіреді.
Бағдарламаны халықаралық тәжірибесі мол, геномика және биоинформатика саласындағы беделді маман, профессор Андреа Зукколо басқарады. Ол Пиза (Италия), KAUST (Сауд Арабиясы) университеттерінде, сондай-ақ Аризона университетінде (АҚШ) алты жылдан астам жұмыс істеген. Онда ол зерттеу жұмыстарымен айналысып, геномика институтында биоинформатикалық талдау тобын басқарды. 2025 жылы профессор Зукколо Қозыбаев университетінің Халықаралық кампусының ұжымына қосылды.
Бағдарлама биология пәні бойынша академиялық білімі бар магистранттарға, докторанттарға, зерттеушілерге арналған.
Бес күндік курс барысында қатысушылар заманауи деректер жиынтығымен жұмыс істейді және әртүрлі секвенирлеу платформаларында есептеу талдауына практикалық тәжірибе жасайды. Бағдарлама аясында тұтас геномдарды ретке келтіру және оларды құрастыру әдістері; эксперименттерді жоспарлау және сапаны бағалау құралдары мен стратегиялары; In silico геномдық сипаттамаларды және басқа да заманауи тәсілдерді талдау кіреді.
Бағдарламаға қазақстандық ғалымдар мен жақын және алыс шетелдердің зерттеушілері де шақырылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram