Q University мен Sungshin Women’s University арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

22 шілдеде Сеул қаласында Q University мен Оңтүстік Кореяның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Sungshin Women’s University арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа қол қою рәсіміне ҚР Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрғали Арыстанов қатысты.

Меморандум аясында бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастық жүзеге асырылатын болады. Атап айтатын болсақ, академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы студенттер Кореяда білім ала алады, бірлескен білім беру және ғылыми жобалар іске асырылады, халықаралық тәжірибе жинайды, мәдени және кәсіби алмасу мүмкіндіктері артады.

«Аталған келісім – жоғары білім беру саласындағы халықаралық серіктестікті дамытуға бағытталған маңызды қадам. Бұл бастама екі ел арасындағы білім және ғылым саласындағы байланыстарды тереңдетіп, студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады», – деді университет өкілдері.

Меморандум аясында алғашқы академиялық және ғылыми жобаларды 2025-2026 оқу жылынан бастап іске асыру жоспарланған.