ҚР Үкіметінің отырысында жаңа оқу жылына дайындық жөніндегі Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаевтің тезистері 15.08.2023 ж. 10:00 сағ.

ҚР Үкіметінің отырысында  жаңа оқу жылына дайындық жөніндегі  Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаевтің  тезистері 15.08.2023 ж. 10:00 сағ.

 

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Құрметті Үкімет мүшелері!

 

Слайд 1

Білім беру жүйесінің жаңа оқу жылына дайындығы туралы есеп беруге рұқсат етіңіз.

Слайд 2

Бүгінде еліміз бойынша 2-ден 6 жасқа дейінгі балалардың 89,1% мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған.

Жыл басынан бері бұл бағытта өсім байқалады. Егер бірінші тоқсанда 10 мың орынға арналған 117 ұйым ашылса, қазір 30 мың орындық 308 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасады.

Дегенмен, Ұлытау (қамту – 74,1%, жоспардан – 0%), Маңғыстау (қамту – 84,9%, жоспардан – 5,15%) және Қарағанды облыстары әкімдері (қамту – 79,5%, жоспардан – 38,4%) жылдың соңына дейін жоспарлы көрсеткіштерге жету үшін жұмысты күшейтуі қажет.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша
1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын аз қамтылған отбасылардан шыққан 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы тәрбиешілердің еңбекақысын арттыруды тапсырған болатын. Биыл                                 1 қыркүйектен бастап тәрбиешілердің еңбекақысы 30% - ға көтеріледі.

Бұдан басқа, мектепке дейінгі ұйымдарда орындардың бөлінуін ашық жүргізу үшін жыл соңына дейін Балаларды кезекке қоюды есепке алудың бірыңғай базасы әзірленуде. Оны толықтай іске қосу жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.

Слайд 3

Жаңа 2023-2024 оқу жылы

1 қыркүйектен бастап 7 мың 700 білім беру ұйымында
3 млн 900 мың бала білім алады, олардың 364 мыңы - бірінші сынып оқушылары.

Жыл сайын әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға көмек көрсетіледі. Бұл мәселе Үкімет деңгейінде бірнеше рет талқыланды. Биыл 460 мың бала үшін 65,3 млрд теңге қарастырылған.

Маңғыстау (24,9%) облыс әкімдігі бұл жұмысты                              18 тамызға дейін аяқтауы қажет.

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Президенттің 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз етуге қатысты тапсырмасын орындау мәселесі Үкімет деңгейінде бірнеше рет қаралды.

Бүгінгі күні осы тапсырманы орындау үшін барлық өңірлердің әкімдіктері тарапынан қажетті қаржы бөлінді.

1 қыркүйектен бастап 1 млн 400 мың бастауыш сынып оқушысы тегін тамақтанады. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес асханасы жоқ мектептерде (669 мектеп) ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп тамақтандыруды 3 тәсілімен ұйымдастырылатын болады: кейтеринг қызметін ұйымдастыру, модулді асханаларды құру, буфеттік тамақтану.      

Слайд 4

Мектеп автокөлік паркін жаңарту

Мектеп автопаркінде 27 мың баланы тасымалдауға арналған 1 319 автобус бар. Олардың 515-і  жоспарлы түрде жаңартылуда.

Қазіргі уақытта өңірлерге 433 автобус жеткізілді. Жыл соңына дейін тағы 75 автобус жеткізіледі (Атырау – 23, СҚО – 19, Жамбыл-14, Шығыс Қазақстан – 7, Жетісу - 7, Абай - 3, Алматы - 2).

Тек Маңғыстау облысының әкімдігі автобустарды сатып алу рәсімін жеделдетуі қажет.

Слайд 5

Инфрақұрылым

Жайлы орта қалыптастыру мақсатында аймақтардағы 260 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

1 қыркүйекке дейін 194 нысанды тапсыру жоспарланған. Ал, қалған 66 мектептерді жөндеу жұмыстары өз мерзімінде аяқталады (48 мектепте жөндеу жұмыстары жыл соңында аяқталады, ал 18 мектеп келесі жылға ауысады).

Дегенмен, министрліктің жүргізген мониторингі шеңберінде Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жөндеу мерзімнің бұзылу тәуекелдері анықталып отыр.

Анықтама: 14 мектепте күрделі жөндеу оқу жылы басталғанға дейін аяқталмауы мүмкін: Ақмола облысы - 7 мектеп, Павлодар және СҚО – 2, ШҚО, БҚО, Қостанай облысы – 1 мектеп.

Сонымен қатар биылғы жылы іске қосылуға жоспарланған 154 мектептің құрылысы жүргізілуде. Олардың 65,6 мың орынға арналған 52 мектеп 1 қыркүйекке дейін, ал 66,4 мың орынға арналған тағы 102 мектеп жыл соңына дейін іске қосылады. Бұл өз кезегінде 12 апаттық және 29 үш ауысымды мектеп мәселесін шешуде.

Алайда, 4 өңірде құрылысты өз уақытында аяқтамау тәукелдері бар. Аймақтар  слайдта көрсетілген.

Анықтама: Астана қ. (3825 орынға 6 мектеп), Түркістан (1300 орынға             6 мектеп), Қостанай (1080 орынға 2 мектеп) және Жамбыл (180 орынға                        1 мектеп).

Жоғарыда аталған өңірлердің әкімдері білім беру объектілерінің іске қосылуын бақылауды күшейтуі қажет.

Слайд 6

Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша келесі жұмыстар жүргізілді.

Бірінші. Мектептерді ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосу.

Ұлттық білім беру деректер базасына сәйкес бұл көрсеткіш 12 тамызда - 83% құрады  
(3 720 мектептің 3 103 - і) (300 және 700-ден астам адамнан тұратын контингентпен-нұсқаулыққа сәйкес 2 және 3 топ).

Бұл көрсеткіш егер жыл басында 1 673 мектеп қосылған болса, қазір 3 103 мектепке артып отыр. Алайда, Алматы, Атырау және Қарағанды облыстарының әкімдіктері бұл жұмысты баяу жүргізуде. Сондықтан аталған өңірлер өзіңіздің тапсырмаңызға сәйкес жедел басқару орталықтарына қосылу бойынша жұмысты 25 тамызға дейін аяқтауы қажет. 

Анықтама: Алматы (50%, 291 мектептің 146-сы), Атырау (70%, 162 мектептің 114-І) және Қарағанды (74%, 216 мектептің 159-ы) облыстарында.

Екінші. Лицензияланған күзет агенттіктерімен жасалған келісім-шарттар мәселесі бойынша. Қазіргі уақытта мектептердің 84%- ы осы бағытта жұмыс жүргізді (2 483 мектептің 2 075-і).

Анықтама: жыл басында 1139 мектепте күзет қойылды. Бүгінгі таңда 2 075 мектеп қамтылған. Өсім 1,8 есе.

Дегенмен, Түркістан (14%, 323 мектептің 46-сы) және Алматы (47%, 188-дің 88-і) облыстарының бұл бағыттағы жұмыстары болу екенін атап өткім келеді.

Үшінші. Дабыл түймелерін мектептердің 89% - ы орнатты (3 720 мектептің 3 327-сі).

Егер жыл басында дабыл түймелері бар 1 789 мектеп болса, бүгінгі күні 1,9 есеге (3 327 мектеп) өскенін атап өткім келеді.

Дей тұрғанмен, Түркістан (69%, 648 мектептің 446-сы), Ақтөбе (78%, 186-дан 145) және Батыс Қазақстан (80%, 123-тен 99) облыстарының әкімдіктері бұл мәселені жүйелі түрде қатаң бақылауда ұстауы қажет.

Слайд 7

Қосымша білім

Биыл қосымша білім берумен қамту - 81,1%-ды құрады.

Алайда, бірқатар өңірлерде бұл бағыттағы жұмыстар республикалық көрсеткіштен төмен. Атап айтсақ, Ұлытау (59%), Атырау (59%), Алматы (56%), Түркістан(54%), Жамбыл (53%) облыстары.

Жаңа оқу жылынан бастап 2 млн 900 мың бала қосымша біліммен қамту жоспарланған (2,3 млн – мектептер мен мектептен тыс ұйымдарда, 600 мың – мемлекеттік, спорттық және шығармашылық тапсырыс бойынша).

Слайд 8

Еңбек нарығы үшін кадрлар даярлау

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша техникалық және кәсіптік білім беруге мемлекеттік тапсырысты ұлғайту жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Бүгінгі таңда 133 мың грант бөлінді. Оның 60% техникалық мамандықтарға бағытталды. Сондай - ақ,                         1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясы өткен жылғы деңгейінен 50%-ға артады (2022-21 мың теңге, 2023-32 мың теңге).

Бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау мақсатында, міндетті жұмысқа орналастыру талабымен, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың орындық нысаналы мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.

410 колледжді кәсіпорындар қамқорлығына алып отыр.

Сонымен қатар, бірқатар өңірде техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуда оң нәтиже бар.

Мәселен, Алматы қаласында техникалық және кәсіптік білімді дамыту бойынша 2023-2030 жылдарға арналған «Жол картасы» әзірленді. 600 колледж педагогі шетелдік тағылымдамадан өтеді. Дуалды оқыту шеңберінде тәлімгерлік институтын дамыту, 1200 орындық екі колледж және жатақхана салу жоспары бар.

Павлодар (93%) және Шығыс Қазақстан (87%) облыстарында мақсатты мемлекеттік тапсырысты орналастыруда бизнеспен тығыз баланыс орнатылған. Соның нәтіижесінде түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіші артты. Жыл сайынғы WorldSkills Kazakhstan чемпионаттарында бұл өңірлердің студенттер жүлделі орындарға ие болады.

Дегенмен, Түркістан, Алматы және Маңғыстау облыстарында бұл бағыттағы жұмыстардың көрсеткіші төмен екенін атап өткен жөн.

Анықтама: Алматы облысында жөндеу жұмыстарын жүргізуге және колледждердің материалдық базасын нығайтуға қаржы қарастырылмаған (9 мемлекеттік Колледж күрделі жөндеуді талап етеді, 24 колледж бейімделген ғимараттарда орналасқан (1960-1985 жж.салынған).

Маңғыстау облысында колледждердің жартысына жуығы, яғни 27 колледждің 12-сі (44,4%) бейімделген ғимараттарда орналасқан (1960-80 жылдардағы салынған ғимараттар), бір колледж ғимараты апатты жағдайда.

Аталған өңірлерде түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері республикалық деңгейден төмен.

Осыған байланысты Алматы, Түркістан және Маңғыстау облыстарының әкімдері техникалық және кәсіптік білімді дамыту бойынша жұмыстарды күшейтуі қажет.

 

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Оқу-ағарту министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыр, жұмыс әрі қарай да жалғасатын болады.

Назарларыңызға рахмет!