Меню
Пресс-центр
Документы
Деятельность
Контакты
О министерстве

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Министерство осуществляет руководство в сферах образования, науки и защиты прав детей.

Адрес Республика Казахстан 010000, г.Нур-Султан, пр. Мәңгілік ел, 8, Дом министерств, 11 подъезд
Канцелярия В связи с введением в стране ограничительных мер, направленных на предотвращение распространения коронавируса просим корреспонденцию высылать в электронном виде на электронный адрес Министерства (В БУМАЖНОМ ВИДЕ НЕ ПРИНИМАЕМ). Тел:+7 (7172) 74-24-16 e-mail: bgm_kense2020@mail.kz
Call-Center 1450
1
Страницы
Пресс-центр
Деятельность
Документы
Контакты
Комитеты
О министерстве
Об отделе
Контакты
Документы
Деятельность
gov@nitec.kz

ҰБТ ережелерін бұзу дұрыс емес: 131 балл жинаған қостанайлық түлек

ҰБТ ережелерін бұзу дұрыс емес: 131 балл жинаған қостанайлық түлек

Айым Сағитова - биылғы ҰБТ-да жоғары балл алғандардың бірі. Сұхбат барысында Айым ҰБТ-ға қалай дайындалғанын және неліктен грант ұтып алатынына сенімді екенін айтып берді.

Қостанай облысы, Жангелді ауданы орта мектебінің түлегі Айым Сағитова 22 маусым күні ҰБТ тапсырып, 131 балл жинады.

Айым Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықты 9-сыныпта бастап кетіпті. Оның ойынша, үздіксіз дайындық пен ұстаздарының қолдауының арқасында  тест тапсыруда еш қиындық болмаған.

«Карантин жағдайына қарамастан, ең маңызды емтиханға дайындығымды тоқтатқан жоқпын. Себебі, бізге барлық мүмкіндік жасалды. Мәселен, 70 нұсқалық тестті тегін тапсыруға мүмкіндік болды. Бұл мен үшін өте пайдалы болды, сынама тестерді жиі тапсырып, білімімді шыңдап отыруға тырыстым», - деп бөлісті Айым.

Тестілеуден мүдірмей өткен қостанайлық түлек осы жылы ҰБТ өткізудің ережелеріне енгізілген өзгертулер мен бақылаудың күшейтілуін толықтай қолдайтынын айтты. Айымны айтуынша, тек адал еңбекпен жиналған балл мемлекеттік грантты ұтып алуға көмектеседі.

«Шынайы дайындалған бала ҰБТ-ны ойындағыдай тапсырып шығады. Өз күшіне, біліміне сенуі керек. Ережені бұзып, жауаптарды шпаргалка немесе телефоннан қарау дұрыс емес. Себебі, талапкерлер мемлекеттік гранттар конкурсына қатысқанда әділеттілік болуы керек. Бар уақытын арнап, еңбектеніп дайындалған адам міндетті түрде грантты ұтып алады деген сенімдемін», - дейді Айым Сағитова.

Мектепті «Алтын белгіге» бітірген түлек химия және биология пәндерін таңдаған. Болашақта Қарағанды медициналық университетінің студенті атануды жоспарлап отыр.

«ҰБТ-ны жақсы тапсырғаныма бақыттымын. Тест нәтижесін білгенде қуанышымда шек болмады, сенер-сенбесімді білмедім. Енді болашақта медицина мамандығына түсіп, еліміз үшін еңбек ететін денсаулық сақтау саласының танымал маманы болуды армандаймын», - дейді талапкер.

Сынақтан жоғары балл жинаған оқу үздігі өзін басқа салаларда да дамытуды ұмытпайды. Айым бос уақытында немен айналысатынымен де бөлісті.

«Сыныптастарыммен керемет жылдарды бірге өткіздік. Олармен бірігіп, мектепте түрлі іс-шараларды ұйымдастырып, ән айтуды да жақсы көретінмін. Қолым босағанда анама ас үйде көмектесіп, тәттілер пісіремін. Шабытым келгенде сурет салғанды да ұнатамын», - деп аяқтады ол сұхбатын.

Дата публикации
25 June 2020
Направления деятельности
Среднее образование
Популярные новости
Социальные медиа
Instagram
Facebook
Twitter
VK
Youtube
Меню подвал
Цели устойчивого развития
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Виртуальная Приемная
Государственные символы РК
Сайт Парламента РК
Открытое Правительство
Законодательство
Smart Bridge