Меню
Пресс-центр
Документы
Деятельность
Контакты
О министерстве

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Министерство осуществляет руководство в сферах образования, науки и защиты прав детей.

Адрес Республика Казахстан 010000, г.Нур-Султан, пр. Мәңгілік ел, 8, Дом министерств, 11 подъезд
Канцелярия В связи с введением в стране ограничительных мер, направленных на предотвращение распространения коронавируса просим корреспонденцию высылать в электронном виде на электронный адрес Министерства (В БУМАЖНОМ ВИДЕ НЕ ПРИНИМАЕМ). Тел:+7 (7172) 74-24-16 e-mail: bgm_kense2020@mail.kz
Call-Center 1450
1
Страницы
Пресс-центр
Деятельность
Документы
Контакты
Комитеты
О министерстве
Об отделе
Об управлении
Деятельность
Документы
gov@nitec.kz

Грант әділ тағайындалсын – ҰБТ-да 122 балл жинаған Дияр Абдрахман

Грант әділ тағайындалсын – ҰБТ-да 122 балл жинаған Дияр Абдрахман

Бүгін – Ұлттық бірыңғай тестілеудің бесінші күні.  Биыл тестілеуді өткізу тәртібі қатаңдады. Әр аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған, тестілеу барысын тәуелсіз сарапшылар бақылайды. Сондай-ақ ҰБТ-да тыйым салынған заттарды пайдаланған талапкерлер аудиториядан шығарылады. ҰБТ-да 122 балл жинаған Павлодар қаласының түлегі Дияр Абдрахман ереже жалпыға ортақ, түлектердің барлығы бірдей жағдайда дайындалуға мүмкіндік алды, грант әділ тағайындалуы керек дейді.

 «Менің ойымша, телефон, шпаргалка кіргізетін түлектер өз білімімен тапсырған балалардың мемлекеттік грант ұтып алуына кедергі болады. Сондықтан тыйым салынған заттарды өзге түлектер пайдаланбауы керек. Оған жол берілмесе екен. Бізге мұғалімдеріміз телефонмен ұсталып қалсақ бақылаушы аудиториядан шығарып, акт толтыратынын үнемі ескертіп жүрді. Егер ҰБТ-дан бұл жолы сүрінсеңіздер, тамыз айында тағы бір тапсырып көруге болады», – деді Дияр Абдрахман.

Ережені бұзбаған тестіленуші ғана тамыз айында өткізілетін ҰБТ-ға қатыса алады. Бұл шекті баллды жинай алмаған түлектер үшін қосымша мүмкіндік.

«Дайындық барысында Ұлттық тестілеу орталығының сайтындағы тегін сынама тестерді жиырма шақты рет орындадым. Бізден бір сынып жоғары оқығандарға мұндай мүмкіндік жасалмады, біздің жолымыз болған сияқты. Тіпті калькуляторды да пайдаландық», – деді Дияр.

 

Дата публикации
25 June 2020
Направления деятельности
Среднее образование
Популярные новости
Социальные медиа
Instagram
Facebook
Twitter
VK
Youtube
Меню подвал
Сайт Премьер-Министра РК
Цели устойчивого развития
Smart Bridge
Государственные символы РК
Законодательство
Открытое Правительство
Виртуальная Приемная
Структура Правительства РК
Послания Президента РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы