Биылғы оқу жылында елімізде бір жыл ішінде рекордтық көрсеткіш - 400 мыңға жуық орынды қамтыған 257 жаңа мектеп ашылды. Олардың қатарында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған алғашқы заманауи білім ордалары да бар.
Нәтижесінде, соңғы екі жылда үш ауысымды мектептердің санын 3 есеге дейін қысқартуға қол жеткізілді. Сонымен қатар, мыңдаған ауыл мектебіне жаңғырту жасалып, қолданыстағы мектептер күрделі жөндеуден өтті және 1700-ге жуық мектепте робототехника, химия, биология, физика және STEM-пәндер бойынша заманауи пәндік кабинеттер жабдықталды.
Келесі кезеңде мектеп инфрақұрылымын біртұтас заманауи форматқа көшіру үшін жаңарту жұмыстары басталады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алдағы үш жыл ішінде 1 231 мектепті реновациялау жоспарлануда, олардың жартысынан көбі ауылдық жерлерде орналасқан.