Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың III облыстық кезеңіне 10 мыңнан астам оқушы қатысады

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың III облыстық кезеңіне 10 мыңнан астам оқушы қатысады
Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың III облыстық кезеңі басталды. Биылғы олимпиадада аудандық және қалалық кезеңдерден іріктелген 10 758 оқушы бақ сынасуда.
 
Олимпиаданың мақсаты оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, ғылыми білімге деген қызығушылығын арттыру, олардың дарыны мен қарым-қабілетіне қолдау білдіру және ерте кәсіби бағдарлау жүргізу. Сонымен бірге, талантты оқушыларды анықтап, оларды республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадаларға даярлау көзделеді.
 
Олимпиаданы бүгін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша өтуде. Ал 30 сәуір күні балалар қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер білім бәсекесіне түседі.
 
Бұл зияткерлік доданың жүлдегерлері – 18-21 мамыр аралығында Астана қаласында өтетін респубикалық олимпиадаға жолдама алады.