Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға ықпал етіп, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
«Бұл – өңірдің экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып енгізіліп жатқан заманауи мамандықтар. Агродрондар химиялық препараттарды 20%-ға, суды 80%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, жанармай шығынын, жұмыс күшін және техниканы қолдану көлемін азайтады. Сонымен қатар, олар тұқымдарды, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қорғау құралдарын біркелкі енгізуді қамтамасыз етеді», – деп атап өтті колледж директоры Бағлан Шығанов.
Бұған дейін колледж қытайлық компаниямен меморандумға қол қойып, оның аясында мамандарды даярлау бойынша әдістемелік және материалдық-техникалық қолдау алатын болады, ал оқытушылар өндірісте тәжірибеден өтеді.