"KEDERGISIZ KELESHEK" жобасы

"KEDERGISIZ KELESHEK" жобасы

Жалпақтал ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында "KEDERGISIZ KELESHEK" партиялық жобасы аясында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі 2-4% квотаның сақталуы және  2 Казталов аудандық пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша жұмыс берушілермен кездесу өтті.

Кездесуге аудандық мәслихаттағы "AMANAT" партиясының фракция мүшесі, депутат Д.Даулетияров, аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы А.Жаксыбаева, 2 Казталов аудандық пробация қызметінің инспекторлары мен жұмыс берушілер қатысты.