«Жасыл шарша жанында» атты ауыл әкімінің жаңа жылдық шыршасы

«Жасыл шарша жанында» атты ауыл әкімінің жаңа жылдық шыршасы

2024 жылы 30 желтоқсан күні Шырғанақ ауылында, І.Жұмағұлов атындағы орта мектебінде «Жасыл шарша жанында» атты ауыл әкімінің жаңа жылдық шыршасы болды. Шырғанақ,Талды,Кеңесу,Қарқара,Көкпияз ауылдарынан көп балалы, аз қамтылған 45 бала шақырылды. Ауыл әкімі Сарыбаев Ернар Санақбайұлы балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Жаңа жылдық шарада ауылымыздың батыр анасы Диханбаева Бишан апамыз жаңа жыл мерекесімен құттықтап, шашу шашты.
Мерекелік шара соңында барлық бүлдіршіндерге ауыл әкімшілігі атынан сый - сияпат табыс етілді.