2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің мектептерінің 90%-да кедергісіз орта құрылды, ал балалардың арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылуы 80%-ға жетті. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған қолдау кабинеттері мен жеке бағдарламалар үшін жаңа талаптар әзірленді.
«Инклюзивті және кедергісіз білім беру ортасын құру – барлық оқушылар үшін тең білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылады. Арнайы ұйымдар желісі 496-ға дейін көбейді, одан бөлек 96 балаларды қолдау кабинеті ашылды», - дейді Оқу-ағарту министрлігінің инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.