15 қараша - Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні және ел қаржыгерлерінің кәсіби мерекесі

15 қараша - Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні және ел қаржыгерлерінің кәсіби мерекесі

       1993 жылғы 15 қарашада Президенттің “Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы” Жарлығымен елімізде ұлттық валюта – Теңге айналымға енгізілді.

      Осы күн Қазақстанда Ұлттық валюта күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Біздің ұлттық валютамыз тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуымен тығыз байланысты. Мемлекет тарихы, маңызды тарихи оқиғалар, белгілі қайраткерлер, мерейтойлық даталар, мәдениет пен спорт саласындағы жетістіктер қағаз банкноттар мен монеталарда көрініс табады.

     Құрметті қазақстандықтар! Сіздерге үлкен мүмкіндіктер, дамуды, таным және үлкен жетістіктерге жетуін тілейміз!