Қазақстандық оқушылар JBMO-2024 математикадан Халықаралық жасөспірімдер Балқан олимпиадасына қатысады. Биыл олимпиада 25-30 маусым аралығында Анталья қаласында өтеді.
Еліміздің ұлттық командасында алты жас математик бар, олардың барлығы 2024 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.
Құрама команданың жетекшісі:
Антон Николаевич Васильев — ф.-м.ғ.к., М.В.Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалының іргелі және қолданбалы математика кафедрасының доценті.
Анықтама үшін: Математикадан Халықаралық жасөспірімдер Балқан олимпиадасы (JBMO) - Балқан түбегі елдерінің оқушыларына арналған байқау. Қазақстан олимпиадаға қонақ ел ретінде қатысады.