Астанада жаратылыстану-математикалық бағытта 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада басталды

Астанада жаратылыстану-математикалық бағытта 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада басталды

Астана қаласында 7-8 сынып оқушылары үшін республикалық олимпиада басталды. Үздік атану үшін 314 оқшы өзара сынға түсті.

Олимпиаданың мақсаты - жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқуға оқушылардың қызығушылығын арттыру, жасөспірімдерді жоғары деңгейдегі олимпиадаларға даярлау жүйесін жетілдіру және олимпиадалық резерв құру.

Олимпиадада академиялық адалдық пен ашықтықтың сақталуы үшін онлайн режимінде қарау мүмкіндігі бар бейнебақылау жүйесі қосылған. Олимпиада аяқталғаннан кейін қатысушылардың жұмыстарының сканерленген көшірмелері және дұрыс жауаптар www.daryn.kz «Дарын» РҒПО интернет-ресурсында орналастырылады.

Қазылар алқасының құрамында еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының ғалым-педагогтары, сондай-ақ халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары бар.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.