ҚР Оқу-ағарту министрлігі жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақыты мен демалысы қалай ұйымдастырылатынын хабарлады

ҚР Оқу-ағарту министрлігі жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақыты мен демалысы қалай ұйымдастырылатынын хабарлады

Ұйымдастыру ісіндегі барлық мәселе 9 мемлекеттік органның бірлескен жоспары шеңберінде пысықталуда. Осы мақсатта республикалық және өңірлік штабтар құрылды. Барлық демалыс орталықтарының тізімі әзірленіп, олардың дайындығы қамтамасыз етілді.

«Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 20 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден келген оқушыларға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарынан және ауылдық жерлерден келген көп балалы отбасынан шыққан балаларға басымдық беріледі.

➤ Жалпы, еліміз бойынша 2,9 млн бала жазғы демалысты 10 743 демалыс лагерінде өткізеді деп күтілуде: 10 мың – жыл бойы сауықтыру орталықтарында, 240 мың – қала сыртындағы орталықтарда, 2,6 млн – мектеп жанындағы лагерьлерде, 75 мың – шатырлар мен киіз үйлерде.

➤ Өңірлерде жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша бірегей жобалар іске асырылады: «Ұлы Дала кереметі», «Jas galym», «Гастро туризм», «Бір күн қалада», «Қонақжай отбасы» және басқалары, бұл демалысты мазмұнды өткізуге мүмкіндік береді.

Жаз маусымы қарсаңында Министрлік 120 мың педагог-ұйымдастырушыны арнайы даярлықтан өткізді. Қосымша 12 мыңнан астам студенттер мен еріктілер тартылады.