
TikTok платформасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізілген кезекті #Қазақстанмұғалімдері байқауының қорытындысын шығарды.
«TikTok-пен бірге жүзеге асырылған жобамыздың арқасында еліміздегі педагогтер жастармен, түрлі буындағы интернет қолданышуларымен бірге өз білімдерін шығармашылық тұрғыда әрі қызықты үлгіде бөлісу мүмкіндігін алды. Ұстаздардың да шет қалмай, интернет платформаларын игілікке пайдаланып, ғылым мен мектеп пәндерін кеңінен насихаттауы қуантады. #Қазақстанмұғалімдері бастамасының мақсаты – педагогтерді оқытудың жаңа шығармашылық әдістерін ашуға шабыттандыру, сабақ оқыту қызықты әрі тартымды екенін көрсету және еліміздегі білім беру мазмұнына қызығушылықты арттыру», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Амангелдіқызы.
Жобаның ресми амбассадорлары химик Ұлан Үсенов @wannabeteacher, математик Данияр Сеңгірбай @aks.dani, өткен байқаудың жеңімпазы Бекболат Комолов @the_bekbolat01, сондай-ақ мұғалімдер командасының өкілі Нариман Қарабалин @jump2mars болды.
Байқауға еліміздің әр өңірінен мұғалімдер қатысып, гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық пәндер бойынша қысқа форматтағы бейнероликтерін жариялады. Қатысушылар жобаның ресми хэштегтерін #Қазақстанмұғалімдері мен #УчителяКазахстана пайдаланды, соның арқасында қаралым саны 800 миллионнан асып түсті.
Келесі мұғалімдер байқаудың жеңімпаздары атанды:
Байқаудың барлық жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар – iPhone 15 Pro Max смартфондары беріледі. Бұл оларға миллиондаған TikTok қолданушылары үшін бұдан да сапалы бейнероликтер түсіруге мүмкіндік береді.