ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ 2023 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ 2023 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2023 жылы Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласын жақсарту мақсатында ауқымды жобаларды іске асырды
 
Мемлекет басшысы тапсырмаларын іске асыру шеңберінде білім беру сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары қабылданып, іске асырылды
 

ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ
 
• 2023 жылдың қаңтарында педагогтердің жалақысы тағы 25% -ға көтерілді
 
• 2023 жылдың қыркүйегінде мектепке дейінгі ұйымдардың 97 мың педагогінің еңбекақысының төлемі тағы 30% өсті
 
• «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы іске асырылуда
 
• Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы әзірленді
 
• 143 мың педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті
 
• Мұғалімдер күнін мерекелеу күні 5 қазан болып бекітілді