ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ 2023 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ 2023 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2023 жылы Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласын жақсарту мақсатында ауқымды жобаларды іске асырды
 
Мемлекет басшысы тапсырмаларын іске асыру шеңберінде білім беру сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары қабылданып, іске асырылды

БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ
  
• Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданды
 
• 400 мыңнан астам бала мектепке дайындық үшін материалдық көмек алды
 
• Мемлекеттік білім беру ұйымдарында 100% бейнебақылау камералары, турникеттер, дабыл түймелері орнатылған
 
• Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111» бірыңғай тегін мемлекеттік сенім телефоны іске қосылды
 
• Балаларға арналған 100 мыңнан астам оқу-жаттығу іс-шаралары өткізілді