Министрліктің аппарат отырысында облыстық білім басқармаларының басшылары жыл басынан бері бірлесе атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті.
Қостанай облысында:
• осы жылдың қыркүйек айынан бастап 49 мың оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді;
• балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары 100% қауіпсіздік жүйелерімен (бейнебақылау, дабыл түймесі, турникеттер, арнайы күзет) қамтамасыз етілді;
• 2025 жылға дейін 10,5 мың орындық 9 мектеп салу жоспарлануда;
• 2023 жылы құны 170,7 миллион теңге болатын 34 пәндік кабинет сатып алынды;
• инклюзияны қолдау үшін 4 жаңа кабинет ашылды;
• облыс PIRLS халықаралық зерттеуінде 2-ші орынға, PISA-2022 зерттеуінде оқу сауаттылығы бойынша 1-ші орынға ие болды;
• 2023 жылы 30 жаңа мектеп автобусы сатып алынды;
• барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» енгізілді;
• отбасы және мектептің тиімді қарым-қатынасын арттыруға бағытталған «Үндестік» өңірлік жобасы іске асырылуда.
Солтүстік Қазақстан облысында:
• Барлығы 37 247 оқушы, соның ішінде 35 035 бастауыш сынып оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді;
• балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары 100% қауіпсіздік жүйелерімен (бейнебақылау, дабыл түймесі, турникеттер, арнайы күзет) қамтамасыз етілді;
• 2025 жылға дейін “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында 2 700 орындық 4 мектеп салу жоспарлануда ;
• 5 577 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті;
• 2023 жылы 55 пәндік кабинет;
• 29 жаңа мектеп автобусы сатып алынды;
• ТжКБ -де мемлекеттік тапсырыстың қамтылуы 3 667 орынға ұлғайтылды.
Павлодар облысында:
• осы жылдың қыркүйек айынан бастап 47 747 бастауыш сынып оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді;
• облыстан шалғай орналасқан елдімекендерде 3 мектеп ашылды;
• 54 ауыл мектебі жаңғыртудан өтті;
• химия, физика, биология, STEM және робототехникаға арналған 46 заманауи пәндік кабинет сатып алынды;
• апатты мектептердің мәселесі толығымен шешілді;
• балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары 100% қауіпсіздік жүйелерімен (бейнебақылау, дабыл түймесі, турникеттер, арнайы күзет) қамтамасыз етілді;
• 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдардағы орындармен қамтамасыз ету 93%-ды құрады;
• балабақшалардағы 6 521 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған;
•“Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында 5 400 орындық 5 мектеп салу жоспарлануда;
• мемлекеттік мектептер цифрлық оқулықтармен 100% қамтамасыз етілген;
• 69,5 % мектепте интернет жылдамдығы екі есеге арттырылды;
• ТжКБ -де мемлекеттік тапсырыстың қамтылуы 5 705 орынға ұлғайтылды;
• колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы 98,6%-ға жетті.