АЙТЫЛДЫ:
ЖЫЛ САЙЫН ШАҒЫН ҚАЛА, АУДАН ОРТАЛЫҒЫ МЕН АУЫЛДАҒЫ КЕМІНДЕ 1000-НАН АСТАМ МЕКТЕП ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ЖАҢАРТЫЛАТЫН БОЛАДЫ
(Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасынан)
__
ОРЫНДАЛДЫ:
БҮГІНДЕ 941 МЕКТЕП ЖАҢАРТЫЛДЫ
- Биыл шағын қалалардағы, аудан орталықтары мен ауылдардағы 1000 мектеп:
• күрделі және ағымдағы жөндеу
• пәндік кабинеттермен жабдықтау
• кітапханалар мен асханаларды жаңғырту
• қауіпсіздік шарттарын жақсарту бағыттары бойынша жаңартылуда.
– Бүгінде 941 мектепте жаңарту жұмыстары аяқталды.