АЙТЫЛДЫ:
2 ЖАСТАН 6 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ САПАЛЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША КЕШЕНДІ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУ
(Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасынан)
__
ОРЫНДАЛДЫ:
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 53,6 МЫҢ ОРЫНҒА АРНАЛҒАН 521 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ АШЫЛДЫ
- 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 89,5% (жоспар – 90,2%) құрады;
- 2023 жылға жоспарланған 81 мың орынның 53,6 мыңы пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 27,4 мың жаңа орын ашу жоспарлануда;
- осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқу сапасын бағалау критерийлері енгізілді;
- мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің даму ортасына қойылатын талаптар анықталды;
-мектепке дейінгі тәрбие және оқумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін 3476 кеңес беру пункті жұмыс істейді;
- мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету үшін облыстық әдістемелік кабинеттерде мобильді топтар жұмыс істейді;
- 18 475 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті, осы жылдың соңына дейін тағы 1 915 мұғалім өтеді;
- инновациялар мен озық педагогикалық тәжірибелерді тарату, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының көшбасшы-басшылары корпусын құру үшін 79 Құзыреттік орталықтары құрылды.