ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ КӨШБАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ КӨШБАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Алматы облысына жұмыс сапары барысында Оқу-ағарту министрі мектеп парламентінің көшбасшыларымен кездесті. Олардың қатарында джиу-джитсудан 7 дүркін әлем чемпионы Жібек Құлымбетова, «Славян базары-2023» жеңімпазы Шерхан Арыстан, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері бар.

Кездесу барысында оқушылар министрге сұрақтарын қойып, өздерінің жетістіктерімен және болашақ мақсаттарымен бөлісті.

Мектеп парламенті – оқушылардың білім беру ұйымының өзін-өзі басқаруына, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезінде туындаған мәселелерді шешуге қатысуға мүмкіндік береді. Ол 8 фракциядан тұрады: құқық пен тәртіп, ақпарат, спорт және салауатты өмір салты, өзін-өзі тану және бақыт (психология), қамқорлық (еріктілер), мәдениет және өнер (музыкалық, көркем шығармашылық), пікірталас қозғалысы, экология және еңбек. Облыс бойынша 34 мың оқушы қамтылған барлығы 434 мектеп парламенті жұмыс істейді.