ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ФИЗИКАДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА БЕС МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ФИЗИКАДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА БЕС МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

Токиода физика бойынша халықаралық олимпиада аяқталды (IPhO-2023). Оған әлемнің 83 елінен 415 оқушы қатысып, қазақстандық оқушылар төрт күміс және бір қола жүлдеге ие болып, 100% нәтиже көрсетті:
🥈Ерсұлтан Пітебай - Алматы қаласындағы ДББҰ «ФМБ НЗМ» оқушысы;
🥈Алишер Еркебаев - Ақтөбе қаласындағы ДББҰ «ФМБ НЗМ» оқушысы;
🥈Марғұлан Нұрсағатов - Алматы қаласының №165 мамандандырылған лицейінің оқушысы;
🥉 Досжан Бисимби - Алматы қаласының «Мирас» халықаралық мектебінің оқушысы;
🥈Даир Нұртаев - Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы;
Құрама команданың жетекшілері- PhD докторы, Сүлейман Демирел атындағы университеттің доценті Самат Мақсұтов және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты Андрей Сидоренко.
«Оқушылардың білімдері мен дағдылары екі тур бойынша сыналды. Бірінші тур теориялық есептер, екінші тур — эксперименттік, онда қатысушылар зертханалық жұмыстар жүргізді. Барлық тапсырмалар қызықты және мазмұнды болды. Олардың шешімі тапқырлық пен рефлексияны қажет етті. Біздің құрама тамаша нәтиже көрсетті», - дейді команданың ғылыми жетекшісі Самат Мақсұтов.
Олимпиадаға қатысқан барлық жылдары қазақстандық оқушылар 114 марапатқа ие болды. Оның ішінде 14 алтын, 45 күміс, 29 қола медаль және 25 құрмет грамота бар.