ГЕОГРАФИЯДАН ЕУРОПАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ 6 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ГЕОГРАФИЯДАН ЕУРОПАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ 6 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Белград қаласында (Сербия) әлемнің 9 елінен 98 оқушы қатысқан еуропалық географиялық олимпиада (Igeo) аяқталды. Оған 6 оқушыдан тұратын Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысып, 6 медаль жеңіп алып, тамаша нәтиже көрсетті. Олар:
Санжар Хамитов – Ақтөбе қаласының ФМБ НЗМ 11 сынып оқушысы – алтын медаль;
Аида Давлетова –Астана қаласының НЗМ 11 сынып оқушысы – күміс медаль;
Қанат Серікбай – Шымкент қаласының ХББ НЗМ 10 сынып оқушысы – күміс медаль;
Әрсен Сыдықов – Шымкент қаласының ХББ НЗМ 10 сынып оқушысы – қола медаль;
Әлихан Қалмағамбетов – Ақтөбе қаласының ФМБ НЗМ 10 сынып оқушысы – қола медаль;
Сабыр Жомарт – Жамбыл облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы – қола медаль.
«Еуропалық географиялық олимпиада (EGeO) 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиада жазбаша тестілеу, мультимедиялық тест және далалық турды қамтиды. Тапсырмалар тек ағылшын тілінде берілді», – дейді топ жетекшісі Абай Дүйсен.
Айта кетейік, өткен жылы құрама команда 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған болатын.