МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

АЙТЫЛДЫ: Әлеуметтік осал топ санатындағы отбасының балалары балабақшада тегін тамақтанып, барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасы

ОРЫНДАЛДЫ:
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ:
• 11 өңірде 100% тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді
(ШҚО, БҚО, Абай, Ұлытау, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, СҚО, Ақмола, Қостанай облыстары)
• 9 өңірде мәслихат отырысында маусым айының соңына дейін бюджет бекітіледі
(Алматы қаласы, Маңғыстау облысы, Ақтөбе облысы, Шымкент қаласы, Қызылорда облысы, Алматы облысы)
• 1 қыркүйектен бастап балабақшаларда осал топ санатындағы отбасы балалары 100% қамтылады.

ОРТА БІЛІМ БОЙЫНША:
• 9 өңірде бастауыш сынып балалары 100% тегін тамақпен қамтамасыз етілген
(Атырау, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Қызылорда облыстары, Астана, Алматы, Шымкент қалалары)
• 8 өңірде мәслихат сессиялары өткізілді, қаражат бөлу туралы шешім қабылданды
(Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары)
Қостанай облысында бұл жұмыстар ішінара орындалды.
• 2 өңірде мәслихат отырысында маусым айының соңына дейін бастауыш оқушыларын 100% тегін тамақпен қамтамасыз етуге қатысты бюджет бекітіледі
(Абай және ШҚО облыстары )
• 1-4 сынып аралығында 1 млн 500 мың бала оқиды, оның 58,6% тегін тамақпен қамтамасыз етілген