Оқу-ағарту министрлігінің осы аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

Оқу-ағарту министрлігінің осы аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

✅Петропавлдық ұстаз Қазақстан тарихы бойынша мобильді қосымша жасап шығарды.
 ✅Қазақстандық оқушылар Физикадан 23-ші Азия олимпиадасында (APhO) бір алтын, екі қола медаль жеңіп алды.
 ✅Қарағандылық оқушылар АҚШ-та өтетін байқауда инновациялық жел станциясы жобасын ұсынады.
 ✅Бір миллионнан аса бала «Балалық шақ әлемі қандай ғажап» флешмобына қатысты.
 ✅Қазақстанда 3 млн 700 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады.
 ✅Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астанадағы №8 мектеп-лицейінде оқу жылының аяқталу салтанатына қатысты.
 ✅Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық оқушыға «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды.
 ✅Елімізде балаларды қорғау күні 1000-нан астам шара өтті.
 ✅ Техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері арасында республикалық спартакиада басталды.