1 МИЛЛИОННАН АСА БАЛА «БАЛАЛЫҚ ШАҚ ӘЛЕМІ ҚАНДАЙ ҒАЖАП» ФЛЕШМОБЫНА ҚАТЫСТЫ

1 МИЛЛИОННАН АСА БАЛА «БАЛАЛЫҚ ШАҚ ӘЛЕМІ ҚАНДАЙ ҒАЖАП» ФЛЕШМОБЫНА ҚАТЫСТЫ

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елімізде екі күндік «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» флешмобы өтті. Оған республика бойынша 1 миллионнан аса бала қатысты, деп хабарлайды Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.

Флешмобқа қатысушылар қатарында мектеп оқушылары мен колледждердің білім алушылары бар. Шараға ата-аналар да үлес қосты. Спорттық және шығармашылық флешмоб аясында 700 мыңға жуық бала тоғыз құмалақ, асық ату секілді ұлттық ойындарға қатысып, футбол, волейбол, жүгіру, теннис, шахматтан жарысты. Сондай-ақ 400-ден аса бала өз өнерлерін көрсетіп, ән салып, би биледі.

Ұлттық тағамдар дайындап, қолөнерлер бұйымдарын көрсетті.Танымал дизайнер, спортшы, өнер иелерімен кездесулер өтті. Балаларды қорғау күні қарсаңында ұйымдастырылған флешмоб балалардың шығармашылық қабілеттерін ашуға да ықпал етті.

Айта кету керек, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткен флешмоб
Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылды және ол #балалықшақәлеміқандайғажап, #өзінөзібасқару, #АссамблеянародаКазахстана хештегімен өтті.